Семейде жылыту маусымына 140 мың тонна көмір сатып алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жылыту маусымына 140 мың тонна көмір сатып алынады

13.10.2014
Семейде жылыту маусымына 140 мың тонна көмір сатып алынады

Семей қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қосжанов қаланың жылыту маусымына дайын екенін айтты.

«Барлық қазандық жылу беруге дайын. Жылу жүйесінің жағдайына алаңдаушылық білдірген кезіміз болды. Олар жүктелген ауыртпалықты көтере алмай қалады деп ойладық. Бірақ жаз бойы осал тұстарды тауып, жөндедік. Қазір сақадай саймыз. 7 қазаннан бастап барлық жылыту нысандарын іске қосып, жылу жібере бастадық. Көмір қоры жеткілікті», - деді Асхат Төлеуғазиұлы.

Ол Үкіметтен 638 миллион теңге бөлінетінін айтты. Оған 140 мың тонна көмір сатып алынады. Бұл - жылыту маусымына жететін көмір қоры.

Жылу энергиясын тұтынғаны үшін тұрғындар мен заңды тұлғалардың бірқатары «Теплокоммунэнерго» МКК-ге әлі де қарыз болып шықты. Жаз мезгілінде қарыз көлемін 140 миллион теңгеге азайту мүмкін болғанымен, әлі де 260 миллион теңге төленбеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу