ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірқатар спорт нысандарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірқатар спорт нысандарын аралады

12.10.2014
ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірқатар спорт нысандарын аралады

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахпен кездесу өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында оңтүстік астананың әкімі Алматыда 1077 спорт нысаны барын, оның 14-і заманауи халықаралық стандарттарға толықтай сай келетінін атап өтті. 2017 жылғы Бүкіләлемдік студенттер ойыны басталғанға дейін тағы қосымша 2 мұз айдыны және 5000 орындық көп қызметті жүзеге асыратын атлетика ауылы салынатындығын айтты.

«2011 жылы өткен Азия ойынынан мол тәжірибе жинадық, соны 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы универсиада кезінде пайдаланбақпыз. Оның ішіне логистика және қауіпсіздік жүйесімен жұмыс, спорт нысандарын басқару және қызметкерлерге арналған танымдық бағдарламаларды ұйымдастыру жатады», - деді А. Есімов.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов пен ХОК президенті кездесу барысында «Медеу» мұз айдынында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында болды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу