Астанада өтіп жатқан дзюдодан Гран-При кезеңінің екінші жарыс күнінде 81 келі салмақта қазақстандық палуан Әзиз Қалқаманұлы қола медальді жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін белдесуде черногориялық палуан Срджан Мрвалжевичтен басым түсті.
Ертең татамиге 78 және 78 келіден жоғары салмақта қыздар мен 90,100 және 100 келіден жоғары салмақта ерлер шығады. Жарыс Астана уақытымен 10.00-де басталады.