Дзюдо сарапшысы – Сейсенбай Жанасылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдо сарапшысы – Сейсенбай Жанасылов

11.10.2014
Дзюдо сарапшысы – Сейсенбай Жанасылов

Астана өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынып отыр. Көрермендер үш күнге созылатын жарыстың іріктеу кезеңі мен финалдық белдесулерін тамашалай алады.

Тікелей эфирге сарапшы ретінде ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, самбодан халықаралық дәрежедегі экстра-класс төрешісі Сейсенбай Жанасылов шақырылған. Ол үш күн бойы татамидегі тартысты белдесулерді көрерменге жеткізіп, дзюдо ережелерін түсіндіріп өтеді.

Айта кетейік, Сейсенбай Қаппасұлы Ресейдің «Боец» телеарнасында «Қазақстан Барысы» турнирін жүргізген.

Хабарламаларға жазылу