Қыркүйек айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады

10.10.2014
Қыркүйек айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады

2014 жылғы қыркүйектегі бағалау бойынша 8,7 миллион адам жұмыспен қамтылды. Сөйтіп, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда, олардың саны 71 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, қыркүйек айында жалдамалы қызметкерлердің саны 6,1 миллион адамды құраған. Бұл – жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 70 пайызы.

Сонымен қатар, 2014 жылғы III тоқсандағы алдын ала деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,2 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28,8 пайызды құрап отыр.

Хабарламаларға жазылу