Дзюдо. Елдос Сметов - «алтын», Жансай Смағұлов – «күміс» (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдо. Елдос Сметов - «алтын», Жансай Смағұлов – «күміс» (ФОТО)

10.10.2014
Дзюдо. Елдос Сметов - «алтын», Жансай Смағұлов – «күміс»  (ФОТО)

Бүгін Астанада дзюдодан әлемдің Гран-при кезеңінің бірінші күні аяқталды. Бүгінгі жарыс күнінде ерлер екі (60 пен 66 келі), ал әйелдер үш салмақ (48, 52 және 57 келі) дәрежесінде сынға түсті.

Бүгін татамиге шыққан Қазақстан ерлер құрамасы:

60 келіде: Рустам Ибраев, Елдос Сметов, Асхат Тельманов, Ғабит Есімбетов.

66 келіде: Азамат Мұқанов, Наурызбек Майлашев, Жансай Смағұлов және Елдос Жұмақанов.

60 келі салмақ дәрежесінде біз ойлағандай, сенсация тіркелген жоқ. ХVІІ Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов финалда моңғол палуаны Амартувшин Дашдавамды ұтып, алтын медаль иеленді. Ол финалға барар жолда Денис Биличенко (Украина), Бахром Иноятов (Өзбекстан) және Дмитрий Куликовті (Ресей) жеңген еді.

Ал, тағы бір қазақстандық Асхат Тельманов Гран-при кезеңінің қола жүлдесін алды. Асхат үндістандық Навжот Чанды ұтқанымен, жапондық Хиронори Ишикаваға есе жіберген еді. Жұбаныш белдесуінде Тельманов өз командаласы Рүстем Ибраевтан басым болды.

66 келі салмақта белдескен Жансай Смағұлов Гран-при кезеңінің күміс жүлдесіңн жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу