Елорда тұрғындары «Туған қалаңа ағаш сыйла» экологиялық шарасы аясында қаланы көгалдандыруға үлес қосты. Акцияны «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы мен «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.
Шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен мемлекеттік органдардың, «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, еңбек ардагерлері, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, акцияға қатысушылар саябақта шыршаның 100 көшетін екті.
Айта кетейік, шара 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және тұрғындардың қаланы көгалдандыруға үлес қосуына септігін тигізіп, ағаштарды күтіп-бағуға шақырады.