ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Азиада жеңімпаздарына миллион теңгеден табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Азиада жеңімпаздарына миллион теңгеден табыстады

10.10.2014
ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Азиада жеңімпаздарына миллион теңгеден табыстады

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Оңтүстік Корея елінің Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 28 алтын, 22 күміс, 32 қола, барлығы 82 медальға қол жеткізіп, командалық төртінші орынға ие болса, солардың ішінде 32 медаль Оңтүстік Қазақстанның еншісінде. Аталған спорттық іс-шараға өңірден спорттың 16 түрі бойынша 62 спортшы қатысып, нәтижесінде 9  алтын, 6  күміс және 17  қола иеленді. Жеңімпаз спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаған облыс әкімі алтын жүлдегерлерге 1 млн. ал, "күміс" және "қола" иегерлеріне 750 және 500 мың теңгелік сертификаттар табыстады. "Жеңістеріміз бен жемістеріміз көп болсын" деген аймақ басшысы барлық оңтүстікқазақстандықтардың атынан көк туымызды желбіретіп, еліміздің мерейін асқақтатқан спортшыларды құттықтады.

Марапаттау рәсімінде бокстан Әлем чемпионы және жазғы Азиада ойындарының күміс жүлдегері Біржан Жақыпов облыс әкімі Асқар Мырзахметовті барлық спортшылар атынан құттықтап, жеңіс кубогын сыйға тартты.

Хабарламаларға жазылу