«Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Түркия елінің намыcын Мұрат Гемалмаз қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Түркия елінің намыcын Мұрат Гемалмаз қорғайды

10.10.2014
«Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Түркия елінің намыcын Мұрат Гемалмаз қорғайды

25 қазан Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Түркия елінің намыcын қорғайтын палуанның есімі – Мұрат Гемалмаз, деп хабарлады «Қазақстан Барысы» әлеуметтік парақшасы.

Мұрат Гемалмаз  1983 жылы туған.

Бойы – 183 см.

Салмағы – 138 келі.

Қызметі: Анкара қаласындағы «EGO» спорт клубында жасөспірімдер бөлімінің дзюдодан жаттықтырушы.

Спорттағы жетістіктері:

Кураштан Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері ( 2003 ж. Стамбул және 2005 ж. Афины);

Дзюдодан командалық Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Париж, 2004 ж.);

Дзюдодан Халықаралық Босфор турнирінің қола жүлдегері (Стамбул, 2004 ж.);

Дзюдодан Түркия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері

(1-ші орын (2004-2005 ж.), 2-ші орын (2008 ж.), 3-ші орын (2003, 2006, 2012 ж.ж,);

2013 жылы Минск қаласында өткен Қазақ күресінен 4-ші Әлем чемпионатына қатысушы.

Хабарламаларға жазылу