«Астана Опера» театрында «Испания аккордтары Астанада» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында «Испания аккордтары Астанада» атты концерт өтеді

09.10.2014
«Астана Опера» театрында «Испания аккордтары Астанада» атты концерт өтеді

13 қазан күні «Астана Опера» камералық залында Испанияның Ұлттық күніне арналған «Испания аккордтары Астанада» концерті өтеді.

Концертте Лиссабон, Берлин, Новосібір, Буэнос-Айресте өткен халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы, Познаньдағы Генрик Венявский атындағы халықаралық байқаудың жүлдегері Ержан Күлібаев және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» камералық оркестрі өнер көрсетеді.

Концерт сағат 19:00-де басталады. 

Сурет: yvision.kz

Хабарламаларға жазылу