Павлодар облысында биыл 400 мың тонна картоп жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында биыл 400 мың тонна картоп жиналды

09.10.2014
Павлодар облысында биыл 400 мың тонна картоп жиналды

Биылғы жылы павлодарлық шаруалар 400 мың тонна картоп жинады. Бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы қарағанда 50 мың тоннаға артық көрсеткіш, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, қазіргі таңда 50 гектар жер алқабына егілген картопты жинау жұмыстары жүргізілуде.

"Жиын-терін науқаны аяқталғаннан соң «екінші нанның» бағасы 50 теңгеден 65 теңгеге қымбаттауы ықтимал . Осындай жағдайда ауылшаруашылық өнімдерін тұрақтандыру қорында сақтау орындары ашылады Қазіргі таңда қорда сақталатын картоптың 3 мың тоннасы дайын тұр. Десе де облыс тұрғындарының сұранысын толық қамтуға мүмкіндік жоқ. Картоп қолжетімді бағамен тек әлеуметтік дүкендерде ғана сатылады", - дейді  Н. Әшімбетов.

Хабарламаларға жазылу