«БИПЭК АВТО» компаниясы Қазақстанда 84 мың жеңіл автокөлік сатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«БИПЭК АВТО» компаниясы Қазақстанда 84 мың жеңіл автокөлік сатты

09.10.2014
«БИПЭК АВТО» компаниясы Қазақстанда 84 мың жеңіл автокөлік сатты

Өткен жылы «БИПЭК АВТО» компаниясы Қазақстанда 84 мың жеңіл автокөлік сатты. Бұл туралы бүгін Астанадағы машина жасаушылар форумында «Азия Авто Қазақстан» АҚ бас директоры Ержан Мандиев айтты.

«Мен құрамына «Азия Авто» кіретін «БИПЭК АВТО» компаниясы тобының атынан келіп отырмын. «БИПЭК АВТО» өткен жылы Қазақстанда 84 мың жеңіл автокөлікті сатты. Бұл Қазақстанның жеңіл автокөлік нарығының елу пайызынан біршама артық», - делі ол.

Е. Мандиевтің айтуынша, «БИПЭК АВТО» төлеген салық көлемі 20 миллиард теңгеден асып түсті. Биыл да компания осы көлемдегі көрсеткіштермен келе жатқан көрінеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: kolesa.kz

Хабарламаларға жазылу