25 қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Грузия елінің намысын қорғайтын палуанның есімі – Гиорги Закариадзе. Палуанның дзюдодан ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мықты нәтижелер көрсеткен.
Туған жылы – 1993.
Жасы – 21.
Салмағы – 150 келі.
Бойы – 190 см.
Грузия палуанының дзюдодан жетістіктеріне тоқталсақ:
2009 жылы жасөспірімдер арасында Грузия чемпионы;
2012 жылы жастар арасында өткен Грузия чемпионатының қола жүлдегері;
2013 жылы жастар арасында өткен Грузия чемпионатының күміс жүлдегері;
2013 жылы ерлер арасында өткен Грузия чемпионатының қола жүлдегері;
2013 жылы жастар арасында өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
2013 жылы Тбилиси қаласында өткен Еуропаның ашық біріншілігінің қола жүлдегері;
2013 жылы Берлин қаласында өткен Еуропаның ашық біріншілігінің жеңімпазы.
vk.com/kazakhstanbarysy_2014