Қостанай тұрғыны 10 минут ішінде 11 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай тұрғыны 10 минут ішінде 11 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

09.10.2014
Қостанай тұрғыны 10 минут ішінде 11 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

6-шы қазан күні Қостанай қаласының әкімшілік соты 10 минутта көше жолында үш рет тәртіп бұзған адамның ісін қарастырды. 24-ші қыркүйекте «Lada 21 114» көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолға шығып, «Volkswagen Golf» көлігімен соқтығысқан.

Осыдан кейін тәртіп бұзған көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда 5 минуттан кейін «Hyundai Santa Fe» көлігімен соқтығысады. Осы оқиға бойынша қарастырылған іс материалдарында құқық бұзушының көлікті мас күйінде жүргізгені көрсетілген.

Жол полицейлері үш хаттама жазған: көлікті мас күйінде жүргізу, жол-көлік оқиғасын жасау және оқиға орнынан қашып кету.

Алғашқы екі құқықбұзушылық бойынша тәртіп бұзушы көлік айдау құқығынан 10 жылға (әрқайсысы үшін 5 жыл) және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін 1 жылға айырылды. Енді бұл азамат көлік айдау құқығынан 11 жылға, яғни 2025 жылға дейін айырылды.

Қаулы әлі заңдық күшіне енген жоқ, сондықтан көлік жүргізушісі оған шағым беруге құқығы бар.

Хабарламаларға жазылу