Каспийде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрілігі. Оқу-жаттығуға ҚР Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан», «Орал» және РФ Әскери-теңіз флотының «Дагестан», «Град Свияжск» атты ракета-артиллериялық кемелерінен тұратын тактикалық топ қатысты.
Кемелердің экипаждары Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумақтық және экономикалық сулардағы стратегиялық нысандарды қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтады. Екі ел әскери-теңіз күштерінің арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру жауынгерлік іс-қимылдарға барынша жақын жағдайда өтті.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов оқу-жаттығуға қатысушылардың барлығы қойылған міндеттерді орындауда сауатты және білікті іс-қимыл көрсеткен.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық және ресейлік экипаждардың үздік мүшелері аталды. Жиында Қазақстан Әскери-теңіз күштеріндегі тұңғыш әйел экипаж мүшесі байланысшы Жанар Ибраева да сыннан сүрінбей өтті.
Келесі оқу-жаттығу Ресей Федерациясының аумағында өтеді деп жоспарланған.