«Адамдарды өрттен құтқарған түні, мен сыныпқа болған оқиғадан хабарсыз, түк білмегендей болып кірдім. Себебі, оқушы неге жеті түнде жүреді деген сұрақ туындайды ғой, содан қорықтым...».
«Менің естуімше, қазір Төтенше жағдайлар комитеті оған медаль беруге дайындалып жатқан көрінеді...»
«Енді есіме түсіп отыр. Мен бұл кісіні екі рет құтқарған екенмін...».
Бүгін 14.05-те «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмінен Қостанай облысында жастардың алтын кітабына енген Михаил Водопьянов туралы көре аласыздар.