Кофе түрлері туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кофе түрлері туралы не білеміз?

08.10.2014
Кофе түрлері туралы не білеміз?

Бастауын Таяу Шығыстан алатын, дәмі тіл үйіретін хош иісті сусынның бірі – кофе. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды екен. Кофе дайындайтын адамды – барист деп атайда.

Көпшілік оны барменмен шатастырып жатады. Кофе дайындау әдісін жетік меңгерген мамандар біздің елде көп емес. Десек те, 7 жылдан бері бұл саланың жілігін шағып жүрген Анатолий түрлі кофе жасаудан талай жарысқа қатысып, жүлдегер атанған.

«Кофенің бетіне сурет салу – шығармашылық шабыт береді. Дәмі  әртүрлі кофемен қонақтарды таңғалдырып, көңілін аулау – қызық. Адамдар қандай кофе ішіп отыр, ол қай жақтан келген, бәрін  білуі тиіс қой»,-дейді Анатолий Лавреньтев.

«Егер сіз кофе ішкенді ұнататын болсаңыз, онда хайми, кемекс, Франциядан келетін кофелерді ішіп көріңіз. Африка кофесі ұнамаса, Индонезия  мен Латын Америкасынан келетін кофені ішкен дұрыс. Бастысы, бәрін тексеріп көрген жөн»,-дейді барист.

Кофенің басқа да ерекшеліктерін «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу