Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды

07.10.2014
Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды

Қызылорда облысында тұңғыш рет созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ең ауыр операциялардың бірі болып есептелетін отаны облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері мен А.Сызғанов атындағы Ұлттық  ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бірлесіп жасады.

Мұндай ота республикада осыған дейін үш облыста ғана жасалған.

Бүгінгі күні облыстық медицина орталығында ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Сурет: www.syrboyi.kz

Хабарламаларға жазылу