Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

07.10.2014
Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

11 қазан күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбілікке 150 мыңнан астам адам қатыспақ. Сонымен қатар, бұл шараға 800 бірлік техника тартылады. Бұл туралы Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалпықалалық сенбілік аясында қала сыртындағы «Медеу» саябағында орналасқан  Д.Қонаев атындағы сквер аумағына, Мәдениет және демалыс орталық саябағына, Шаңырақ-5 шағын ауданына, Түріксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылы аумағына  1230 көшет егіледі.

Сонымен қатар, бұл күні көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер, өзен арналары, арықтар тазартылады.

Хабарламаларға жазылу