Egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады

07.10.2014
Egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады

Қараша айында Egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады.  Бұл туралы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру мен ақпарат комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жеке кабинет» үш негізі компоненттерден тұратын болады: «Дербес құжаттама», «Хабарлама» және «Азаматтың көмекшісі».

«Дербес құжаттамада» азаматқа мемлекеттік деректер қорындағы ол туралы барлық ақпарат қолжетімді болады. Аты-жөні мен куәлігінің нөмірінен бастап, мекенжай тіркеуі мен отбасы жағдайы туралы ақпарат қамтылады.

Еgov-та жеке кабинетті жаңартудың мақсаты - ол өзара іс-қимылды жеңілдету.

Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, мемлекет азаматқа егер жеке куәлікті ауыстыру мерзімі жеткен жағдайда, айыппұл жазылған кезде және оны төлеу керек болғанда, сонымен қатар балабақшаға баланың кезегінің реті өзгерген жағдайда хабарлайтын болады. Хабарлама азаматтың электрондық поштасына және ұялы телефонына жіберіледі. 

Хабарламаларға жазылу