Павлодарлықтар мен жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстанның намысын қорғаған Ольга Сафронованы қарсы алып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ольга Сафронова Қазақстандық команда құрамында 4х100 метр эстафеталық жүгіруде күміс медаль жеңіп алған болатын.
Әйелдер арасында жеңіл атлетикадан өткен жарыста топ жарған спортшыға 17 раушаннан құрастырылған гүлшоғы табыс етілді.
Азиада медальдарының толық жинағының иесі атанған ол 200 метрге жүгіруде – алтын, 4х100 метр эстафетада - күміс, 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде - қола жүлдеге ие болды.