Ақтау теңіз портының жай-күйі қандай? ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Ақтау теңіз порты туралы айтып берді.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты - өңірдің басты инфрақұрылымдық нысаны. Қазіргі уақытта үш құрғақ жүкке арналған терминалдар салу арқылы портты солтүстік бағытта дамыту жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жоба Әзірбайжандағы Алят және Ирандағы Амирабад порттарын, Карс-Ахалкалаки (Түркия-Грузия) теміржол учаскелерін салуды қоса есептегенде, Еуропа мен Парсы шығанағына шығуға болатын үлкен жүк ағынын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жүк айналымын арттыру мақсатында, 2012 жылы Өзен – Түркіменстанмен шекара жаңа теміржолының құрылысы аяқталған болатын, оның бойымен 2020 жылға қарай аталған маршрут бойынша тасымал көлемін 13,2 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік ашады», - дейді Әсет Исекешев.