10-20 қазан аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Откуда приходит время» атты фотокөрме өтеді. Онда көрермен назарына Мәскеу «Евдокия Марченко ритмология институты» ғылыми-зерттеу мекемесі ұйымдастырған солтүстік және оңтүстік полюс, сондай-ақ, экватор маңында түсірілген жүзге таман фото қойылмақ.
Фотосуреттерде солтүстік және оңтүстік полюстегі Күннің батуы, қар мен мұздың қайталанбас көріністері бейнеленген. Көрме алғаш рет 2008 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен. Содан бері Ресейдің 70 қаласын аралады.
Ал, 2009 жылы Торонтода (Канада) өтті. 2010 жылдың қараша айында Кубада халық назарына ұсынылды. 2011 жылдың қыркүйегінде Люксембургте ұйымдастырылған еді.
Фото:prishlo-vremya.ru