Семейде 3-5 қазан күндері өткен қазақ күресінен Х Азия чемпионаты Қазақстан құрамасының толық жеңісімен аяқталды, деп хабарлады Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы.
Қазақша күрестен Х Азия чемпионатына Ауғанстан, Бангладеш, Ливан, Моңғолия, Иордания, Иран, Ирак, Үндістан, Қырғы Республикасы, Қытай, Йемен, Пәкістан, Қазақстан, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка және Ресей секілді елдерден 120 спортшы қатысты.
Тартысты өткен сайыста Азия чемпионы атақтарын Қуат Бектаев (55 кг), Ақзал Арыстанбеков (60 кг), Нұржан Жұмажан (70 кг), Бегімхан Әділбеков (80 кг), Тоқтар Жиентаев (90 кг), Айбат Сейтен (+90) иеленді. Ал әйелдер арасында алғашқы Азия чемпионы атағына Зарина Байбатина (+75) ие болды.