Маңғыстаулық кеденшілер ел бюджетіне 144,2 миллиард теңге кіріс түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық кеденшілер ел бюджетіне 144,2 миллиард теңге кіріс түсірді

06.10.2014
Маңғыстаулық кеденшілер ел бюджетіне 144,2 миллиард теңге кіріс түсірді

Маңғыстау облысының Кедендік бақылау департаменті 2014 жылдың 9 айында Қазақстан бюджетіне 144,2 миллиард теңге кіріс түсірді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кедендік төлем жинағы кедендік әкімшілікті жақсарту есебінен кедендік органдар тарапынан жүзеге асырылып отыр. Облыстық департамент арқылы күн сайын ел бюджетіне орташа есеппен жарты миллион теңгеге дейін қаражат түседі.

Маңғыстау облыстық КБД басшысы Сырым Дыңбаевтың айтуынша, ҚР Кедендік органдардың басты міндеттемесі республикалық бюджетке төлем мен салықты түсіруіне жұмыс істеу. Жалпы републикалық бюджеттің үштен бірінен артығы сыртқы сауда түсімінен келетіні анық.

Сондай-ақ, кедендік саясатты іске асыру барысында Қазақстанда елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық шарасы орындалып, азаматтар дер кезінде кедендік заңнаманың өзгерген тұстарынан хабардар болуда.

 

Хабарламаларға жазылу