Н.Назарбаев пен А.Лукашенко ЕАЭО туралы шартты ратификациялау мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев пен А.Лукашенко ЕАЭО туралы шартты ратификациялау мәселесін талқылады

06.10.2014
Н.Назарбаев пен А.Лукашенко ЕАЭО туралы шартты ратификациялау мәселесін талқылады

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларуссия Президенті Александр Лукашенко мен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады БЕЛТА.

«Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту сонымен қатар, Минскіде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне мүше елдердің басшылары деңгейіндегі кеңес отырысын өткізу мен оған дайындық жұмыстарын талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы мен ары қарай жұмыс істеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты ЕАЭО туралы шартты бір уақытта ратификациялау тақырыбы қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу