«AIAS-2014» көрмесінде жаңа гибрид көліктер ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AIAS-2014» көрмесінде жаңа гибрид көліктер ұсынылады

06.10.2014
«AIAS-2014» көрмесінде жаңа гибрид көліктер ұсынылады

Астанада «Astana International Auto Salon-2014» (AIAS-2014) екінші халықаралық автокөлік транспорты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Қазақстанда алғашқы электромобильді таныстырған халықаралық дәрежедегі елордалық автосалон биыл өзінің желісін гибрид автомобильдермен кеңейте түспек.

Іс-шара «жасыл» тақырыпты жалғастыра келе, қазақстандық жолдарда қоршаған ортаға ең аз шығынмен инновациялық технологияларды енгізудегі маңызды қадамға айналмақ.

Бұл «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЕXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңындағы аса маңызды мәселе.

«AIAS-2014» экспозициясында Mitsubishi, Renault, Jeep, Volkswagen, Maserati, SsangYong, Peugeot, Iveco, Hyundai, Lada, Skoda, Kia, Chevrolet және т.б. әлемдік және отандық брендтер ұсынылады.

Келушілер көлік аксессуарлары, қосалқы бөлшектер, автохимия мен автокосметика, тюнинг, автоэлектроника, автонесиелеу мен автосақтандырумен таныса алады. 

Көрме 10-12 қазанда ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және қазақстандық автокөлік бизнесі қауымдастығының қолдауымен «Көрме» орталығында өтеді. Ұйымдастырушысы - «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу