Ертең Көкшетауда 2014 жылы Ақмола облысында жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ашылады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Шара мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда көрмеге қатысу үшін 9 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Үміт жолы» жобасы бар. Жобаның мақсаты - қоғамдық өмірге мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту, оларды оқыту мен жұмысқа орналасуға көмек көрсету.
«Сен жалғыз емессің» жобасы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мақсаты - салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау.