Болашақта бүкіл әлем ядролық қарудан бас тартуы мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақта бүкіл әлем ядролық қарудан бас тартуы мүмкін бе?

06.10.2014
Болашақта бүкіл әлем ядролық қарудан бас тартуы мүмкін бе?

Семей сынақ алаңын жабу – ядролық қарусыз әлем құру жолындағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Осы тарихи шешімнен кейін Невада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондардың үндері өшті.

Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адам­зат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.

Араны ажал шашқан Семей сынақ алаңының бар зардабын бастан кешкен қазақ халқы болатын. Қасиетті қазақ жерін 40 жыл бойы тажал қаруды сынайтын тамұққа айналдырған сынақ кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасалды.

Оның 120-дан астамы ашық аспан астында жарылды. Жарылыстардың жиынтық қуаты кезінде Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есеге асып түсті. Қазақ даласының 300 мың шаршы шақырымы радиацияға уланып, одан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті.

Ядролық қарусыздануды қалай жолға қоюға болады? Болашақта бүкіл әлем ядролық қарудан бас тартуы мүмкін бе? Бұл сұрақтардың жауабын бүгін 17.50-де  «Өзекжарды» хабарынан біле аласыздар. Хабардың бүгінгі қонағы – БҰҰ Қарусыздану мәселелерін зерттеу институтының қызметкері Джон Борри.

Хабарламаларға жазылу