Отбасын қолдау қызметі телефон арқылы кеңес береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасын қолдау қызметі телефон арқылы кеңес береді

06.10.2014
Отбасын қолдау қызметі телефон арқылы кеңес береді

Астанада балалар үйінің базасында үш жылдан бері Отбасын қолдау қызметі жұмыс істейді. Қызмет жұмысы балалар үйі жұмысының негізгі бағыттарына негізделген: қорғау-сақтау, дамыту, түзету, диагностикалық, жүйелік-ұйымдастырушылық, коммуникативтік және тәрбиелеу.

Айта кетейік, Отбасын қолдау қызметінен кеңес алу үшін 172 адам келген.

«Мамандар көп қызметті телефон арқылы береді. Осы уақытта қызмет жұмысының нәтижесінде балалар үйінің 50-ден астам тәрбиеленушісі жаңа отбасын тапты. Сонымен қатар, тағы 80 тәрбиеші асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алды», - дейді Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры орынбасары Оксана Дзюба.

Мұнан басқа, балалар үйі тәрбиеленушілерінің барлығы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрып жатыр, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 

Сурет:strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу