Оған қоса, сыртқы қарыздары мен ішкі активтердің айырбас айырмашылығы өте алшақ. Сондықтан, қаржы ұйымдары тағы да Ұлттық банктің қолдауына мұқтаж дейді S&P сарапшылары.
Сонымен қатар, «Атамекен» ҰЭП-сы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеріп жібергеніне алаңдаулы. Бұл шара теңгенің әлсіреуіне тосқауыл қойғанымен, банктердегі несие пайызын өсірмек.