«Әлем Барысында» ел намысын төрт палуан қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысында» ел намысын төрт палуан қорғайды

06.10.2014
«Әлем Барысында» ел намысын төрт палуан қорғайды

Қазақ күресінен «Әлем Барысы» Халықаралық турнирінде ел намысын қорғауға үміткер алты палуан бар. Олардың төртеуі әр жылдары «Қазақстан Барысы» деген атақты жеңіп алған.

Яғни, Ұлан Рысқұл (2011 жылғы жеңімпаз), Бейбіт Ыстыбаев (2012 жылғы «Қазақстан Барысы»), Айбек Нұғымаров (2013 жылғы «Қазақстан Барысы»), Мұхит Тұрсынов (2014 жылғы «Қазақстан Барысы»), Асыл Бәрменов (2014 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері) және Руслан Әбдіразақов (2014 жылғы «Қазақстан Барысының» қола жүлдегері).

Осы алты палуанның арасынан төртеуі «Әлем Барысында» ел намысын қорғайды.

vk.com/kazakhstanbarysy_2014

Хабарламаларға жазылу