Сот билігі – мемлекеттің басқа билік салаларынан, яғни, атқару және заң шығарушы билік тармақтарынан атқаратын өкілеттіктері бойынша дараланып тұр. Демек, өз қызметінде тәуелсіз әрі тек заңды ғана басшылыққа алады.
Екіншіден, сот билігінің басты мақсаты – елдің заңдарына сай әділ шешімдер қабылдау болғандықтан, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауда шешуші рөлге ие.
Ал осы сот жүйесін ашық етудің жолдары қандай?
«Сот жүйесінің бірнеше сатыдан тұруы – істі терең қараудың амалы. Әр істің соңында адамның тағдыры тұр. Адамның тағдырын шешу үшін адам дайындықпен келуі керек»,-дейді сарапшы мамандар.
«Біздің соттарға аздап батылдық жетіспейді», деген тағы бір пікір бар. Бүгін 23.15-те «Алаң» ток-шоуын көріңіз.