Алматыда сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді

03.10.2014
Алматыда сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді

9-10 қазан күндері Алматыда сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты EURAMA Халықаралық конференциясы өтеді.

Конференция жұмысында сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу, сүт бездерінің қатерлі ісігін хирургиялық емдеудің инновациялық әдістері, онкопластиканың жаңа мүмкіндіктері сынды мәселелер қаралады.

Сондай-ақ,  сүт бездерінің қатерлі ісігі кезіндегі таргеттік терапия, интраоперациялық радиологияны қоса алғанда радиологиялық емдеу, оңалтудың тәжірибелік мәселелері, терминалды емделушілерге паллиативті көмек көрсету бағытындағы мәселелер талқыға салынады.

Онколог-дәрігерлер, хирург-маммологтар, пластикалық хирургтар, сәулелі және химиотерапия саласының мамандарына, резиденттерге арналған  шара аясында беделді әлемдік мамандардың қатысуымен сүт бездерінің қатерлі ісігінің нақты жағдайына тәжірибелік талдау жүргізілетін болады.

Конференция жұмысына Италия, Испания, Ресей, Түркия елдерінің алдыңғы қатарлы сарапшылары қатысады, оның ішінде профессор Умберто Веронези басқаратын Онкология Еуропалық институтының (Милан, Италия) танымал профессорлары бар. Одан басқа, шара барысында тақырыптық көрме ұйымдастырылатын болады.

Конференцияны Сүт бездері қатерлі ісігінің Евро-Азиаттық қоғамы (EURAMA), Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының қолдауымен, Алматы онкологиялық орталығы (АОО), «Қатерлі ісікпен күресейік» ҚҚ және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып отыр.

Хабарламаларға жазылу