Желтоқсан айында Павлодарда кедендік терминал іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желтоқсан айында Павлодарда кедендік терминал іске қосылады

03.10.2014
Желтоқсан айында Павлодарда кедендік терминал іске қосылады

«Павлодар» арнайы экономикалық аймақтағы кедендік терминалдың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

Мердігер «Стальмонтаж фирмасы» ЖШС мамандарының айтуынша,  нысан желтоқсанда пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы тәмамдалған.

Нысан құрамында әкімшілік-тұрмыстық кешен, жүк көліктерін тексеру бокстары, арнайы көліктер тұрағы және бақылау өткізу пункті болады.

Сурет: http://pavlodarnews.kz.

Хабарламаларға жазылу