Оралда қоғамдық көліктерде жолақы 87 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Қала халқына қоғамдық көлікті ұйымдастыратын мекемелердің басшылары жол жүру құнын 87 теңгеге дейін көтерді ұсынып отыр. Қазіргі таңда - 60 теңге», - деді ол.
Облыс басшысының атап өтуінше, бағаның көтерілуіне жанармайдың да әсері бар. Бұған қоса автобус парктерін жаңарту, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу де керек.
«Осыны ескере отырып, қала әкімі жанынан комиссия құрылды. Олар 87 теңгеге дейін көтеру ұсынысын жан-жақты саралайтын болады. Содан кейін шешім қабылдаймыз», - деді Н.Ноғаев.
Сонымен қатар әкімнің сөзіне қарағанда, өңірде зейнеткерлерге, ауған соғысына қатысқандарға және басқа да әлеуметтік топтардағы азаматтарға жергілікті бюджеттен жолақыға қаражат бөлінген, деп жазады ҚазАқпарат.