Америкалық телеарнаның операторы «Эбола» безгегін жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық телеарнаның операторы «Эбола» безгегін жұқтырды

03.10.2014
Америкалық телеарнаның операторы «Эбола» безгегін жұқтырды

Либерияда тағы бір америкалық азамат Эбола безгегіне шалдықты. Ол NBC телеарнасының штаттан тыс операторы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды телеарнаның сайты.

Әзірге ауруды жұқтырған адамның жанұясы оның атын жарияламауды сұраған. Тек қазіргі уақытта 33 жастағы америкалық операторды АҚШ-қа жеткізіп жатқаны белгілі.

Бұған дейін АҚШ-тың Техас штатында аса қауіпті безгекті Либериядан келген басқа адам жұқтырғаны белгілі болған еді.

Хабарламаларға жазылу