Елорда мектептерінде 303 жас маман жұмысқа қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда мектептерінде 303 жас маман жұмысқа қабылданды

02.10.2014
Елорда мектептерінде 303 жас маман жұмысқа қабылданды

Биылғы оқу жылында Астана қаласындағы жалпы білім беру мектептеріне 303 жас маман жұмысқа қабылданды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы бес жылда 1 464 педагогтың еңбегі жоғары бағаланып, 96 мұғалім төсбелгімен, 103-і мемлекеттік сыйлықпен, 108-сі ҚР БҒМ құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, 94-і қала әкімінің Алғыс хатымен, 1 063 Білім басқармасының грамотасымен марапатталған.

Сондай-ақ, Ұстаздар күнін мерекелеу аясында Астанада оқушылар арасында «Мұғалім - оқушылардың көзімен» тақырыбында фотосуреттер байқауы өтті.  

Шараның мақсаты - қоғамдық санада, балалар мен жастар ортасында мұғалімдердің адамгершілік идеалын қалыптастыру, жастар арасында педагогика мамандықтарының беделін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Жеңімпаздар фотосуреттер Ұстаздар күніне орайластырылған шара қарсаңында өткізілетін көрмеге қойылады.

Сурет: astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу