Бүгін «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ және «Қазақстанның халық банкі» АҚ әріптестік меморандумына қол қойды.
Бұл еліміздегі қаржы және теміржол саласындағы екі ірі мекеменің өзара тиімді және ұзақ мерзімдік әріптестікке бағытталған тағы бір қадамы.
Қол қойылған құжатта теміржол саласының клиенттеріне тасымалдау процесіне төлемақы төлеу жолдарын жеңілдету қарастырылған.
Бұдан басқа, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамымен бірлесіп теміржолшыларды қолдауға бағытталған өзара тиімді әлеуметтік жобаларды жүзеге асырмақ.