Таразда, облыстық қазақ драма театрында мұғалімдер күніне арналған «Ұстазға мың алғыс» атты салтанатты іс-шара өтті.
Аталған жиынға аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев қатысып, облыстың мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын, - деп айтты облыс әкімі.
Ұстаздардың мәртебесін көтеру және педагог қызметкерлерінің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» атты облыстық конкурс өтеді. Аймақ басшысы осы конкурстың қортындысы бойынша облыстың үздік мұғалімдерін құттықтады.
Осы байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласы, №31 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Андрей Сон иеленді.
Жиын соңында облыстың үздік мұғалімдері облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен және бағалы силықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық «Үздік педагог» байқауына жолдама алып, 2 қазан күні Астана қаласында өтетін салтанатты жиынға қатысады.