Биылғы Құрбан айт ерекше - найб мүфти Серікбай қажы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы Құрбан айт ерекше - найб мүфти Серікбай қажы

02.10.2014
Биылғы Құрбан айт ерекше - найб мүфти Серікбай қажы

Биылғы Құрбан айт ерекше болып отыр. Өйткені, айттың алдындағы Арафа күні мен жұма күні cәйкес келді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз айтты.

«Жалпы Ислам дінінде екі үлкен мереке бар. Оның бірі Ораза айт болса, ең үлкен мереке болып саналатыны - Құрбан айт. Мұның себебі дәл осы мейрамда күллі мұсылман баласы құрбан шалып, айт намазын оқып, қасиетті Меккеге қажылыққа барады», - деп атап өтті ол.

Серікбай қажының айтуынша, осы ұлық мерекенің басталуына екі күн қалды. Ал, ертеңгі күн Арафа деп аталады. Осы күні қажылыққа барған адамдар Арафат тауының етегіндегі жазықта тұрып, күн батқанша дұға етеді. Оларлың тілектері тоқтаусыз қабыл болады.

«Біздің халқымыз да Арафа күнін ерекше қастерлеп, біреулер иіс шығарып, нан пісіріп жатады, біреулер айтқа дайындық жасап жатады. Яғни, осы күні олардың да ізгі ниеті қабыл болары сөзсіз. Биылғы Құрбан айттың ерекшелігі осы Арафа күні жұма күнімен сәйкес келіп отыр. Бұл бірнеше онжылдықта ғана сәйкес келетін күндер. Егер жұма күні мен Арафа күні сәйкес келетін болса, сол жылы қажылық жасаған адамдардың сауабы бірнеше еселеніп, ұлы қажылық жасаған болып саналады», - дейді найб мүфти.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу