Ресейде табыс азайып, кедейлік деңгейі артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде табыс азайып, кедейлік деңгейі артуда

05.10.2015
Ресейде табыс азайып, кедейлік деңгейі артуда

Биылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер төмендеп, инфлияция ұлғайған.  Өнеркәсіп өндірісі 2,7 пайыз, негізгі капиталдар инвестициясы 5,4 пайызға кеміген. 

Нәтижесінде тұтыну белсенділігі бәсеңдеуде. Сауда айналымы 2014-пен салыстырғанда 8 пайыз түскен. Ал, бірінші жартыжылдықтағы ЖІӨ  былтырмен салыстырғанда 3,4 пайыз кемісе, сарапшылар, келер жылы да бұл тенденция сақталады, деп санайды. ЖІӨ 2015 жылы 3,2 пайыз,  2016 жылы 1,6 пайызға төмендеуі мүмкін.

 

 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу