Бүгін – ғарышқа тұңғыш рет қазақ халқы өкілі ұшқан күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ғарышқа тұңғыш рет қазақ халқы өкілі ұшқан күн

02.10.2014
Бүгін – ғарышқа тұңғыш рет қазақ халқы өкілі ұшқан күн

Бүгін – ғарышқа тұңғыш рет қазақ халқы өкілі ұшқан күн. Осыдан 23 жыл бұрын 1991 жылдың 2 қазанында Кеңес одағының батыры, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа аттанды. Тоқтар батыр тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртының тұңғыш рет ғарышқа самғаған тұлғасы.

О баста Теміртаудағы құйма-механика зауытында токарь болған балаң жігіттің есімі кейін Құрмет кітабына алтын әріптермен жазылды.

«Кішкентай кезімнен ағаштан ұшақ жасайтынмын. Ауылда алғаш рет лайнер жасаған да мен едім. Қазір дүкенге барсаң, бәрі дайын. Ол кезде мұндай мүмкіндік болған жоқ»,- дейді Халық қаһарманы.

Ол 1969 жылдан бастап Кеңес одағы әскери әуе күштері қатарында болды. 1976 жылы Мәскеудегі ұшқыш-сынақшылар мектебін бітіріп, 1979 жылы Мәскеу авиация институтын тәмамдады.

Ал 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес одағы ғарышкерлерді  даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

«Алдыма мақсат қойдым. Қандай жағдай болсын, ұшқыш боламын. Қандай ұсыныс жасаса да, алтын берсе де, ешқайда бұрылмаймын дедім», - деп еске алады ғарышкер.

Толығырақ  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу