Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин «Көкшетау» мәдениет сарайында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай қарияларға құрмет көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қазір облыста 100 мыңнан астам қария мен 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар.
Ақмола облысы бойынша жыл сайын 100 мыңнан астам қарияға көмек көрсетіледі. Ағымдағы сегіз айда 28 миллиард теңге зейнетақы төленіпті. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі жолға қойылған.
Салтанатты жиында облыс әкімі Сергей Кулагин қарттарға ұзақ ғұмыр, денсаулық, баянды бақыт тіледі. Бағдарлама соңы мерекелік концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар жиналғандарға ән мен күйден шашу шашты.