Өткен жылдың алғашқы айларында Өскемен қаласында есірткімен қолға түскен нашақорлардың саны күрт арта түсті.
«Күдіктілердің барлығы тергеу органдарына есірткі заттарын көшеден тауып алғандарын айтып, сөзбұйдаға салатын көрінеді. Қылмыстық топ есірткі сатуды kiwi-әмиян, ғаламтор қызметі арқылы жолға қойған», -дейді мамандар.
Ешкімнің көзіне көрінбей, есірткі сатқан әккі қылмыскерлер туралы бүгін Ұлттық арнадан 19.05-те «Қылмыс пен жаза» хабарынан көре аласыздар.