Балаларға арналған қайырымдылық шарасын Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқарамсы ұйымдастырған. Шара аясында ақтаулық 50 бала мультфильм тамашалап, мұз айдында сырғанап көңіл көтерді. Сондай-ақ, балаларға арнап мерекелік дастархан жайылды.
«Құрбан айт – рақымшылық мейрамы. Біз қолдан келгенше балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмектесуіміз керек. Бүгінгі қайырымдылық шарасының негізігі мақсаты – балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын», - дейді саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы Жансая Смағұлова.
Lada.kz