Ертеректе гүлдің суреттерін, қаламсап жинауды әдетке айналдырған ақын бұл турасында: «Менің жасым бұйыртса, келер жылы 80-ге толады. Балаларым, немерелерім менің жинаған қаламдарыма қызығады. Өздерінің қаламдарын жоғалтып алса, менің қаламымды алады. Сондықтан, қазір қаламдарыма иелікті соларға бердім», -дейді.
Бұрынғы қарт пен бүгінгі қарттың айырмашылығына тоқталған ақын: «Бұрынғы қарттарымыз күреспен өмір сүрді. Ұлан-байтақ жерді қорғады. Айнала жау аз болған жоқ. Солармен иық тіресті, бейбіт күнді аңсады. Зар заман жырлары – ол тарих. Ал, бүгінде осы зар заманды қайта жырлап жүргендерге мен риза емеспін. Өйткені, мына бейбіт өмірде ел қатарлы да емес, көбінен озып келеміз. Сол себепті, ақындар елге рух беретін өлең жазса, деймін. Мені мазалайтыны да осы»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын, Оразақын Асқардың шабытты жырын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.