Сесиль Каратанчева қайтадан Болгария намысын қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сесиль Каратанчева қайтадан Болгария намысын қорғайды

01.10.2014
Сесиль Каратанчева қайтадан Болгария намысын қорғайды

Болгариялық теннисші Сесиль Каратанчева соңғы бес жылда турнирлерге Қазақстан атынан қатысты. Енді ол алдағы уақытта өз елінің намысын қайтадан қорғамақ.

Бұл туралы спортшы болгариялық TV7 телеарнасы берген сұхбатын мәлімдеді.  

Теннисші нақты шешім қабылдағанын, енді тұрақсыздық үшін ешқандай қаражат төлемейтінін жеткізді. Келісімшарт екіжақты түрде 95 пайызға үзіледі, деп жазады gotennis.ru.

«Мен Болгария намысын қорғағым келеді және бәсекеге дайынмын. Үйге қайтатын уақыт жетті», - деді Каратанчева.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сесиль әлемдік рейтингте 180-ші орында.

 

Фото: peoples.ru

Хабарламаларға жазылу