Гүлнұр Оразымбетова ертең «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлнұр Оразымбетова ертең «Таңшолпанда» қонақта

30.09.2014
Гүлнұр Оразымбетова ертең «Таңшолпанда» қонақта

Әнші Гүлнұр Оразымбетованың есімі оның орындауындағы «Қорқыт-қобыз» әнімен танылған еді. Бұл әннің әуенін Рамазан Тайманов, ал сөзін Оңталап Нұрмаханұлы жазған. Бір күні Рамазан Тайманов жас әнші Гүлнұр Оразымбетованы шақырып алып, сиясы кеппеген әнді тыңдатады.

Қайырмасына келген кезде сазгер: «Қайырмасына қобыз үнін қосу керек сияқты. Сен қобыздың зарлы үнін шығара аласың ба?», деп сұрайды. Содан кейін әнші дауысымен қобыз үнін шығара бастайды. Кейін әнге ақын Оңталап Нұрмаханұлы сөз жазып береді.

Осылайша «Қорқыт-қобыз» әнімен танылған әнші ертең «Таңшопланда» қонақта болады. Таңғы бағдарламаны сағат 07.00-10.00 аралығында көре аласыздар. Әншіге қояр сауалдарыңыз болса, Twitter әлеуметтік желісі арқылы #tankaz хэштегімен тікелей эфирге жолдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу