1 қазан күні Астанада «Білім беру бағдарламалары: әзірлеу және жүзеге асыру» тақырыбында конференция өтеді.
Конференцияға Ұлыбритания, Германия, Австралиядан келген шетелдік әріптестер, сондай-ақ, жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар, техникалық және кәсіби білім (ТжКБ) беру орындары өкілдері қатысады.
Конференцияда шетелдік сарапшылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру және коммерциализациялау, бағалау әдістерін құру және ТжКБ жүйесіндегі білім беру сапасын сертификациялау бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
Одан бөлек, «Кәсіпқор» холдингінің әлемдік деңгейдегі колледждер жүйесінде инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу келешегі және басқа өзекті мәселелер талқыланады.
Конференцияға халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері:
TVET UK (Ұлыбритания), TAFE (Австралия), GIZ (Германиялық халықаралық ұйым), Британия Кеңесі (Ұлыбритания), Pearson (Білім беру консорциум, Ұлыбритания), сондай-ақ, компания-ассоциациялар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің, «РҒӘО» АҚ, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ өкілдері қатысады.
Фото: urker.goo.kz